«Торпедо» - «Динамо»: тікелей трансляция
Бүгін «Торпедо» клубы жоғары хоккей лигасының финалдық ойындары аясында өз алаңында балашихалық «Динамо» (Мәскеу облысы) клубын қабылдайды.
Айта кететін жайт, бұл финалдық сериядағы алғашқы кездесу.
Естеріңізге салайық, өскемендік «Торпедо» клубы, плей-оффтың алғашқы матчында «Ижстальді» (4:1) оңай жеңіп кетсе, ширек финалда торпедолықтар Санкт-Петербордың «Динамосынан» 4:3 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда «Рубинді» (4:2) есебімен ұтты.
Кездесу Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады. Сіздердің назарыңызға сол финалдық серияның тікелей трансляциясын ұсынамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или