Хоккей: «Братина» кубогының финалдық сериясы басталады

Хоккей: «Братина» кубогының финалдық сериясы басталады

Бүгін «Торпедо» клубы жоғары хоккей лигасының финалдық ойындары аясында өз алаңында балашихалық «Динамо» (Мәскеу облысы)  клубын қабылдайды.

Айта кететін жайт, бұл финалдық сериядағы алғашқы кездесу. ЖХЛ-ның ережесі бойынша «Братина» кубогының иегері атану үшін жерлестеріміз төрт жеңіске дейін қол жеткізуі қажет.

Естеріңізге салайық, өскемендік «Торпедо» клубы, плей-оффтың алғашқы матчында «Ижстальді» (4:1) оңай жеңіп кетсе, ширек финалда торпедолықтар Санкт-Петербордың «Динамосынан» 4:3 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда «Рубинді» (4:2) есебімен ұтты.

Кездесу Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или