Братина кубогының финалдық матчтарына билеттер бір күнде сатылып кетті

Братина кубогының финалдық матчтарына билеттер бір күнде сатылып кетті

Өскеменде Братина кубогының финалындағы жергілікті «Торпедо» мен «Динамо» хоккей клубтары арасындағы матчтарға билеттер жылдам сатылып кетті.

Финалдық серияның Өскемендегі матчтары 13 және 14 сәуірде өтеді. «Торпедо» өз тарихында тұңғыш рет Братина кубогының финалына шыққан болатын.

Sputnik Қазақстан ақпаратына сүйенсек, кассалар мен Тикетон сайтында билеттер сатылымы бүгін сейсенбіде 10:00-де басталған. Үш сағаттың ішінде тек қапталдағы трибуналарда ғана бос орын қалды.

Борис Александров атындағы спорт сарайының әкімшілігі билеттер бүгін толық сатылады деп күтетіндерін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или