Мартен Сен-Пьер Қазақстан ойыншысы атанды

Мартен Сен-Пьер Қазақстан ойыншысы атанды

Канадалық хоккейші Мартен Сен-Пьер әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығады, деп хабарлыйды shaiba.kz.

33 жастағы шабуылшы «Барыс» сапында екі маусым қатырынан ойнаған және енді Қазақстан құрамасында ойнауға құқығы бар. Бұл Солтүстік Америкадан келген бесінші ойыншы. Осыған дейін ұлттық құрамаға канадалық Кевин Даллмэн, Найджел Доус, Дастин Бойд және америкалық Брэндон Боченски келген болатын.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Мартен Сен-Пьер құрама қатарында ойнағысы келетінін айтқан болатын.

«Мен ешқашан құрама деңгейінде ойнап көрмедім. Бұл істі Қазақстанда бастасам жаман болмас еді. Канадалық Найджел Доус, Дастин Бойд және Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасында ойнап жүр. Егерді бас бапкер маған үміт артса, қуанышты болар едім», - деген еді хоккейші.

ҰХЛ-да Мартен «Чикаго Блэкхокс», «Бостон Брюинз» және «Монреаль Канадиенс» қатарында 39 матчта 8 (3+5) ұпай жинады.

ҚХЛ-да ол «Нефтехимик», загребтік «Медвешчак» және астаналық «Барыс», сонымен қатар Суперлигадағы «Химикте» өнер көрсетіп, жалпы саны 198 матчта 103 (33+70) ұпай жинаған. 

Сонымен қатар, Мартен ОХЛ, АХЛ, Финляндия, Австрия және Швейцария чемпионаттарында ойнады. 

Бірінші дивизиондағы А тобының ойындары 22-28 сәуір аралығында Киевте өтеді. Элиталы кезеңге берілетін екі жолдама үшін Қазақстан, Украина, Австрия, Польша, Венгрия және Оңтүстік Корея құрамалары сайысқа түспек.

Фото: hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или