Criminals
Басқа

Әлем чемпионын өлтірген бес күдікті ұсталды

Әлем чемпионын өлтірген бес күдікті ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Көкшетауда пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студенттер ұсталды, - деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, наурыздың 14-не қараған түні Көкшетау қаласындағы төбелес cалдарынан Евгений Галузинский мерт болған. «Бұл дерек бойынша 18-20 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олар қаладағы колледждердің бірінің студенттері. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басты күдіктінің жасы 18-де. Ол қамауда отыр. Төртеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бақылау камераларынан алынған видео мен куәгерлер бар», - дейді ІІД өкілдері. Күдікті кінәсін мойындағанын хабарланып отыр. Евгений Галузинский - пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бразилияда өткен әлем чемпионатында спортшы төрт рекорд орнатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер