Африка елі Формула-1 жарысын қабылдауға дайындалып жатыр
Оңтүстік Африка Республикасы үкіметі Кьялами трассасын Формула-1 күнтізбесіне енгізу мәселесі бойынша жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге ниетті екенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ОАР спорт министрі Гейтон Маккензидің айтуынша, ел басшысының алдағы сапары бұл мәселені талқылап, елдің ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. Оның сөзін F1News басылымы келтірді.
Министрдің мәлімдеуінше, Формула-1 Гран-приін өткізу үшін кез келген мемлекет бірқатар талапқа сай болуы қажет. Олардың қатарында коммерциялық, логистикалық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік талаптары бар.
Гейтон Маккензи ОАР тарапы осы талаптардың барлығын кезең-кезеңімен орындау бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или