Испаниялық пилот автожарыс кезінде қаза тапты
Испаниялық автокөлік жарысының қатысушысы Пабло Аморос GTI Trophy жарысы кезінде болған ауыр апаттан қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қайғылы оқиға 6 қыркүйек, жексенбі күні Уэльва провинциясында орналасқан «Монтебланко» автодромында болды.
Бұл ақпаратты Испанияның корольдік автоспорт федерациясы (RFEDA) ресми түрде растады. Ұлттық федерация өкілдері спортшының отбасы, достары мен әріптестеріне көңіл айтты.
Айта кетейік, Пабло Аморос автожарысқа деген қызығушылығын негізгі заңгерлік қызметімен қатар алып жүрген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или