«Феррари» пилоты Шарль Леклер алғаш рет әке атанды

«Феррари» пилоты Шарль Леклер алғаш рет әке атанды

«Феррари» командасының пилоты Шарль Леклер алғаш рет әке атанды. 28 жастағы монегаск пен жұбайы Александра қызды болды. Сәбиге Бьянка есімі берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отбасындағы қуанышты жаңалықты ерлі-зайыптылар 3 қарашада әлеуметтік желілерде жариялады. Олар жаңа туған сәбидің суретін бөлісіп, «Бьянка. 2026 жылғы 3 қараша» деп жазған.

Бұған дейін Леклер сәбиінің дүниеге келуін асыға күтіп жүргенін және қызды болу өзі үшін ерекше оқиға екенін айтқан еді.

Сондай-ақ жарыстардан тыс бос уақытын жұбайы, Лео есімді иті, жақындары мен достарына арнауға тырысатынын жеткізген. Монегасктің айтуынша, Формула-1-ден тыс өмірінде отбасы мен жақындары әрдайым басты орында тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама