Роман Старченко: Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің

Роман Старченко: Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің

Астаналық «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко shaiba.kz сайтына берген сұхбатында «Металлургке» қарсы екінші кездесудегі жеңілістің себебі мен алдағы ойындар жайлы айтты.

- Бүгінгі жеңіліс жайлы айтсаңыз?

- Овертаймда қателестік. Қарсы шабуыл кезінде ұстап алды. Алыста тұрған ойыншыдан көз жазып қалдық.

- Ойыннан қуылу жағдайы көп болды, қобалжу болды ма?

- Жоқ, қобалжу болған жоқ.

 - Жеңіске жеткілеріңіз келгені соншалық, алты ойыншы болып шабуылдадыңыздар?

- Дұрыс ауыса алмадық, аздаған түсініспеушілік болды.

 - Алдыңғы ойында неліктен шайба соға алмадыңыздар?

- Соққылар аз болды. Қақпашыға көп кедергі келтіре алмадық. Олардың қақпашылары өте мықты. Алыс соққылардың бәрін көріп тұрады, шайба соғу өте қиын.

 - Жанкүйерлердің қолдауы күш берді ме?

- Әрине. Оларға келгендері үшін үлкен рахмет.

 - Брэндон Боченски жайлы хабар бар ма?

- Әзірге ештеңе айта алмаймын

 - Оның оралуымен ойын жақсара ма?

- Әрине. Ол біздің капитан, команданың көшбасшысы. Біз үшін ол үлкен көмек болары анық.

 - Неліктен командада плей-офф кезінде ешкім сақалын қоя бермейді?

- Біреулер өсіреді, біреулері қырып тастайды. Бұған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің. Сақалың барма жоқ па аса қатты айырмашылық жоқ.

 - Көптеген мамандар «Барысты» <span>сәтсіз ойнайды деді. Осыған қаншалықты көңіл бөлесіздер?</span>

- Бұған қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ.

 - Өз алаңдарыңыздағы кездесулер алдында көңіл күйлеріңіз қалай? «Магниткаға» қалай қарсы тұрасыздар?

 - Қазір елге ораламыз. Видео қараймыз. Ойынды талдаймыз.  Бапкер бізге ары қарай қалай ойнау керектігін айтады. Жанкүйерлердің қолдауы болса басқа ойын болады.

 - Жанкүйерлер қолдауы болды емес пе?

 - Бізді он мың жанкүйер қолдайды. Тек жеңіске ойнаймыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или