«Барыс» «Металлургке» қарсы алғашқы ойында жеңіліп қалды
Гагарин кубогының Шығыс конференциясындағы жартылай финалдық кездесудің алғашқы ойынында «Металлург» өз айдынында «Барыстан» басым түсті.
Кездесудің бірінші кезеңінде «Металлург» Оскар Осала соққан шайбаның арқасында алға шықты. Екінші кезеңде жанкүйерлер соғылған шайба көре алмады.
Ал үшінші кезең де айдын қожайындарының жеңісімен аяқталды. Томас Филиппи, Ян Коварж және Данис Зарипов соққан шайбалар «Металлург» командасына ірі жеңіс алып келді. Есеп 4-0.
Естеріңізге салсақ, «Барыс» Гагарин кубогының Шығыс конференциясындағы жартылай финалына «Трактор» командасын жеңіп шыққан болатын. Ал «Металлург» болса қытайлық «Куньлунь Рэд Стар» командасын жарыс жолынан шығарған.
«Металлург» пен «Барыс» арасындағы келесі ойын да Магнитогорскте өтеді. Содан кейін «Барыс» өз айдынында екі ойын өткізеді. Келесі кезеңге төрт жеңіске бірінші жеткен команда жолдама алады.
Құрлықтық хоккей лигасы
«Металлург» Магнитогорск — «Барыс» 4:0 (1:0, 0:0, 3:0)
Сериядағы есеп: 1:0
Шайбалар:
1:0 — 10:53 Осала (Сёмин). Артық құрамда
2:0 — 43:43 Филиппи (Зарипов, Коварж). Тең құрамда
3:0 — 47:52 Коварж (Бирюков, Казионов Ден.). Тең құрамда
4:0 - Зарипов
«Металлург» Магнитогорск: Кошечкин — Антипин-Бирюков, Зарипов-Филиппи-Коварж; Ли-Береглазов, Тимкин-Сантала-Осала; Терещенко-Хабаров, Калетник-Сёмин-Косов; Дронов, Железков-Платонов-Казионов Дм., Казионов Ден.;
«Барыс»: Карлссон — Даллмэн-Семёнов, Бойд-Доус-Пушкарёв; Баркер-Шалапов, Шиннимин-Худяков-Сен-Пьер; Липин-Савченко, Тривино-Маркелов-Иванов; Трясунов, Гурков-Старченко-Панюков, Кучин.
Айып уақыты: 20:10 (6:6, 2:0, 12:4)