Дамир Рыспаев: Дисквалификацияны алмаса, Солтүстік Америкаға кетемін
ҚХЛ-дың ең даулы хоккейшісі, «Барыстың» тафгайы Дамир Рыспаев shaiba.kz сайтына берген сұхбатында дисквалификацияны алмаса, Солтүстік Америкаға кететінін айтты.
- Ресейлік тілші Алексей Шевченконың мәлімдемесі бойынша, ҚХЛ сізден ешқашан дисквалификацияны алмайды деген ақпарат шықты. Бұны сіз қалай қабылдадыңыз?
- 18-ші тамыз күні маған дисквалификация берді. Бұл оқиға «Куньлиньмен» өткен ойында болған. Дисквалификация жарты жылдан кейін ғана қайта қаралады. Содан бері ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады.
- Онда неге сіз Қазақстан құрамасында ойнай алмайсыз? Дисквалификацияны тек ҚХЛ берді ғой. Ұлттық құрамаға бұның не қатынасы бар?
- Дисквалификацияны Халықаралық хоккей Федерациясы қойды. Яғни, мен барлық жарты шарда ойнай алмаймын (күлді).
- Бәріне қолды бір сілтеп, Солтүстік Америкаға кетіп қалғың келмей ме?
- Шынымды айтсам, бұл жайлы ойландым. Клубта әліптің артын бағуды сұрады. Келесі маусымға дейін қалай болатынын көреміз. Егер мені толықтай шектесе, мен кетемін.
- Егер дисквалификацияны алып, Андрей Назаров сені «Нефтехимикке» шақырса, ұсынысты қабыл аласың ба?
- Бұл да мүмкін. Бірақ, мен үшін «Барыс» бірінші орында. Қалғаны содан кейін қарастырылады. Андрей Викторовичпен кейде Skype-пен сөйлесеміз. Бірақ ұсыныс түспеді. Қазір барлығы менің дисквалификацияма тіреліп тұр. Оны алып тастайды деп үміттенемін.
- Сен жоқта «Барыстың» қарсыластары дөрекі ойнап, команданың көшбасшы ойыншыларын жарақаттауда. «Метеллургпен» болған ойында Алексей Васильченко Брендон Боченскидің басына соққы жасады. Одан кейін астаналық ойынға шыға алмады. Бұл оқиғаны қалай бағалайсың?
- Бұл жағымсыз оқиғаны мен көрдім. Алексей Васильченко әдейі істеді деп ойламаймын. Тіпті бұған сенімдімін. Бұл ойын жағдайы еді. Хоккей – мықтылықты қажет ететін ойын. Өкінішке қарай, жарақаттан қашып құтыла алмайсың. Брэндон Боченски «Магниткамен» болатын ойында «Барысқа» көмектеседі деп ойлаймын.
- «Барыс» ненің арқасында «Тракторды» ұтты деп ойлайсың?
- Жігіттер жарады. Бәрі соңына дейін күресті. «Барыс» лайықты түрде жеңіске жетті. Бапкерлер штабы жақсы жұмыс атқарған.
- «Магниткамен» болатын ойын жайлы не айтасыз?
- Екі команда да мықты. «Магнитка» аймақтық чемпионатты бірінші орынмен ақтады. Кімнің мықты екенін серия көрсетеді. Плей-оффта бәрі де мүмкін.
- «Барыстың» бас жаттықтырушысы Эдуард Занковец сенімен сөйлесті ме?
- Иә. Жұмыс бабымен сөйлестік.
- Айтпақшы, сіз неге сақалыңызды өсіресіз? Бұл ненің белгісі?
<span> </span>- Мен оны әдейі өсірмеймін. Бұл ешқандай діни немесе басқа да нәрсеге қатысы жоқ.
- Ресейлік тілші Игорь Ларин сізден жиі сұхбат алады. Сіз ол жариялаған сөздерді айтасыз ба? Кейбіреуі тілші өз атынан сөз қосады деп күдіктеніп жүр.
- Барлық сұхбатты мен өзім беремін. Ол өз атынан ештеңе қоспады.
- Соңғы сұрақ. Жақсы танитын хоккейшімен төбелесесің бе? Әлде сен тек танымайтын әріптестеріңе жұдырық жұмсайсың ба?
- Егер хоккейші басқа ойын жейдесін кисе, онда ол менің қарсыласым. Бірақ, мен біреумен төбелесемін деп жоспарламаймын. Хоккей ойнап, гол салып, командамның жеңісіне себепші болғым келеді. Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық нәзік жандыларды 8-ші наурыз, Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!
Автор: Анастасия Бабушкина