WSOF ұйымы Арман Оспановпен келісімшартын үзді
WSOF біріншілігі өзінің 35-ші турнирінде өнер көрсететін файтерлердің тізімін шығарды.
Өкінішке орай, Арман Оспанов бұл «fightcard»-қа енбей қалды. Себебін WSOF басшысы Рей Сефо Insta-парақшасында жариялады.<br /><br /> «Менің назарыма Арман Оспановтың бұдан 1 жыл бұрын допингпен ұсталғаны туралы ақпарат жеткізілді. Арман 4 жылға спорттан шеттетілген, сол себептен онымен келісімшартымызды бұзуға тура келді», - деп жазды Рей Сефо.<br /><br /> Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қараша айында Арман Оспанов Марокко елінде өткен əскери самбодан əлем біріншілігін қатарынан үшінші рет ұтты. 2016 жылдың жазында FIAS анти-допинг агенттігі Арманның қанында допинг табылғанын жариялап, жауынгерімізді спорттан 4 жылға (2019 жылдың 4 желтоқсанына дейін) шеттетті.