«Барыс» «Тракторды» жеңіп, серияда алға шықты

 «Барыс» «Тракторды» жеңіп, серияда алға шықты

«Барыс» Гагарин кубогының 1/8 финалындағы «Трактормен» болған бесінші кездесуде жеңіске жетті.

Ойынның бірінші кезеңі «Барыстың» жеңісімен аяқталған. Найджел Доус, Дастин Бойд және Константин Пушкарев үшеуі ұйымтастырған шабуылды соңғысы дәл соққымен аяқтап, астаналық команданы алға шығарған. Бірінші кезең соңына дейін осы есеп өзгермеді.

Екінші кезеңде де жалғыз шайба соғылды. Мергендік танытқан «Трактор» ойыншысы Артем Бородкин болатын.

Үшінші кезеңде қос команда да шайба соғудан көрі қақпаларын аман алып қалу жағын көбірек ойлады. Өкінішке орай осы кезеңде қазақстандық клубтың шабуылшысы Дастин Бойд Александр Тридчиковпен соқтығысып жарақат алып қалды. Бойд осы алған жарақатынан кейін мұз айдынға шыға алмады. Ал үшінші кезеңнің қалған уақытында да шайба соғылмай, кездесу овертаймға ұласты.

Овертаймда астаналық команданың шабуылшысы Мартин Сен-Пьер мергендік танытып, «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Осы жеңісінен кейін «Барыс» серияда 3-2 есебімен алға шықты.

Құрлықтық хоккей лигасы

«Трактор» — «Барыс» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

Сериядағы есеп: 2:3

Шайбалар:

0:1 – 12:19 – Константин Пушкарев (Найджел Доус, Дастин Бойд)
1:1 – 29:46 – Артем Бородкик (Максим Якуценя, Кирилл Кольцов)
1:2 – 71:41 – Мартин Сен-Пьер (Найджел Доус)

«Трактор»: Францоуз — Кольцов-Денисов, Кручинин-Щехура-Якуценя; Шинин-Бородкин, Шаров-Пестунов-Пеньковский; Петров А.-Жульдиков, Тридчиков-Новотны-Рой; Климонтов-Мамаев, Черников-Петров Ю.-Кравцов;

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Пушкарёв; Баркер-Шалапов, Старченко-Сен-Пьер-Шиннимин; Липин-Савченко, Маркелов-Тривино-Панюков; Трясунов, Иванов-Кучин-Худяков, Гурков.

Айып уақыты: 6:8 (2:2, 0:6, 2:0, 2:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или