Қысқы

Коломина үшінші медалінен кейін өз әсерімен бөлісті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесінен кейінгі әсерімен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Міне, бүгін тағы бір медальға қол жеткіздім. Бұл - менің ел қоржынына салған үшінші жүлдем. Осыған дейін бір қола, бір күміс алғанмын, алайда маған керегі негізі алтын еді. Әйтсе ле, бірінші орын алған жапон әріптесімнен сәл ғана қалып қойдым. Алда әлі де жарыстар бар. Алтын алуға тырысамын. Әлі де қазақ елінің туын көтеру үшін барымды саламын», - деп атап өтті Елена Коломина.

Естеріңізге сала кетейік, бұл сайыста бірінші орынды Жапония спортшысы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Қытай спортшысы жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер