«Kazsport» «Барыстың» плей-оффтағы матчтарын тікелей эфирде көрсетеді
«Kazsport» тереарнасы «Барыс» хоккей клубының плей-офф кезеңіндегі матчтарын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты жазды.
Елордалық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының қорытындысы бойыншы бесінші орын иеленді.
Қазір Эдуард Занковец ойыншылары плей-офф ойындарына дайындық үстінде. Олардың алғашқы қарсыластары - Челябинсктің «Трактор» командасы. 22,24 ақпанда қазақстандықтар қонақта ойнаса, 26, 28 ақпанда матчтар Астанада өтеді.
Егер жеңімпазды анықтау үшін төрт матчтан көп кездесу қажет болса, ойындар 2, 4 және 6 наурыз күндері өтеді.
Астана уақыты бойынша көрсетілімдер кестесі:
22 ақпан - 19:50
24 ақпан - 17:20
26 ақпан - 16:50
28 ақпан - 19:20
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или