Criminals
Қысқы

Азиада-2017. Үшінші күннің қорытындысы

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының үшінші күні өз мәресіне жетті.

Жарыстың үшінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті деуге негіз бар. Бүгін қоржынымызға алғашқы алтын медаль түсті. Сонымен қатар бір күміс және бір қола медальға да қол жеткіздік. Алтын медальды шаңғы спортынан 15 шақырымдық жеке сында Ринат Мухин жеңіп алса, күмісті 1000 метрге конькимен жүгіру сайысында Денис Кузин қанжығасына байлады. Ал шаңғышы Елена Коломина қола медальды қанағат тұтса, кеше ел қоржынына алғашқы жүлде - күміс медаль салған болатын.
Нәтижесінде, бір күнде үш медаль олжалаған отандастарымыз жалпы есепте Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдан кейінгі төртінші орында келеді. Бүгін медальдар саны жағынан жергілікті спортшылар Оңтүстік Корея құрамасын басып озды. Олардың еншісінде 8 алтын, 8 күміс, 7 қола бар. Ал екінші орындағы кореялықтардың қоржынында 6 алтын, 7 күміс, 7 қола медаль бар. Ал Қазақстан құрамасынан бір саты жоғары тұрған Қытай елінің спортшылары 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медальға ие болды. Тағы бір айта кетерлігі қысы көрмеген Катар спортшылары да бір алтын медаль иеленіп, бесінші орынға жайғасты.
Қортындылай келе айтсақ, Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының алғашқы үш күнінде жалпы қатысып жатқан 29 мемлекеттен 5 елдің спортшылары ғана медаль алып үлгерді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер