Роман Старченко: «Барыс» пен «Трактор» - бір деңгейдегі командалар»

Роман Старченко: «Барыс» пен «Трактор» - бір деңгейдегі командалар»

 «Р-Спорт» басылымына берген сұхбатында «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко құрлықтық хоккей лигасының қортындысына көңілі толатындығын жеткізді.

«Жалпы алғанда нәтижеге көңілім толады. Маусымның қалай басталғанын ескерсек бесінші орын жаман көрсеткіш емес. Басында бәрі ойдағыдай болмады. Кейін жаңа бапкер келіп ойын жүйесін қойды. Біз жеңіске жете бастадық. «Барыс»пен «Тракторды» бір деңгейдегі команда деп есептеймін.Сондықтан кез келген нәтиже болуы мүмкін. Бір команда болып ойнасақ, шабуылға бірге шығып, қорғанысқа бірге көмектессек олардан өте аламыз деп ойлаймын», -  деді Старченко.

«Тракторда» жақсы, орташа құрам бар, шетелдік ойыншылары жаман емес. Олар «Магниткамен» болған соңғы екі ойынды жақсы өткізді. Екі ойында бір ақ шайба жіберді. Өкінішке орай біз соңғы төрт ойында «беске бес» ойында бірде-бір шайба соға алмадық. Өте аз соғып жүрміз. Тиянақты болуымыз керек. Барлық соғатын шайбаларымызды  плей-офф кезеңіне қалдырдық деп үміттенем», - деп қосып өтті «Барыс» командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или