Азия ойындарына қатысатын хоккейшілер тізімі анықталды
Жапония жерінде өтетін қысқы Азия ойындарына қатысатын хоккейден Қазақстан құрамасының құрамын жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан хоккей қауымдастығының ресми сайты.

Жапонияның Саппоро қаласында 19 -26-шы ақпан аралығында өтетін Азия ойындарының тізіміне 22 хоккейші енді.
Айта кетейік, құрама сапына шақырту алғандардың басым бөлігі жақында ғана Алматы қаласында өткен Универсиаданың жүлдегерлері. Қақпашылар: Сергей Кудрявцев «Торпедо», Виталий Колесник «Барыс». Қорғаушылар: Артемий Лакиза «Номад», Георгий Дульнев «Сарыарқа», Антон Казанцев «Арлан», Станислав Зинченко «Номад», Мадияр Ыбрайбеков «Барыс», Иван Степаненко «Номад», Александр Куршук «Оңтүстік Урал».
Шабуылшылар: Илья Ковзалов «Номад», Нұрсұлтан Белгібаев «Барыс», Константин Савенков «Арлан», Никита Михайлис «Барыс», Дмитрий Гренц «Барыс», Ярослав Евдокимов «Номад», Антон Петров «Арлан», Ильгиз Нұриев «Құлагер», Максим Волков «Құлагер», Антон Сагадеев «Сарыарқа», Кирилл Савицкий «Номад», Әлихан Әсетов «Номад», Алексей Анциферов «Арлан».

Жаттықтырушылар ұжымы: бас жаттықтырушы - Сергей Старыгин, көмекшілері - Юрий Михайлис, Георгий Верещагин және Владислав Занковец.

Естеріңізге салайық, 2017 жылғы қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай және Оңтүсік Корея құрамаларымен бір топта ойнайды.