Қазақстандық хоккейшілер ақтық сынға жолдама алды

Қазақстандық хоккейшілер ақтық сынға жолдама алды

Алматыдағы студенттер сайысының жартылай финалында Қазақстан мен Чехия құрамалары кездескен. Тартысты өткен матч 4:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

«Халық Аренада» өрбіген ойында Савенков, Гренц, Акользин пен Анциферов мергендік танытты. Чехия құрамында Арност бір голмен көзге түсті.

Айта кеткен жөн, финалдық кездесу ертең 15:00-де Халық Аренада өтеді. Отандастарымыз Ресей құрамасына қарсы ойнап алтын жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан — Чехия 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

Шайбалар:

0:1 — 16:14 Арност (Стестни, Кафка). Тең құрамда
1:1 — 17:40 Савенков (Писарев). Тең құрамда
2:1 — 30:59 Гренц (Михайлис, Ибрайбеков). Тең құрамда
3:1 — 31:43 Акользин (Савенков). Тең құрамда
4:1 — 42:40 Анциферов. Тең құрамда

Қақпашылар: Кудрявцев — Новак
Айып уақыты: 6:14 (4:2, 0:6, 2:6). 



 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или