Қысқы

Универсиадаға келген ресейлік төреші Шымбұлақта қайтыс болды

Универсиадаға келген ресейлік төреші Шымбұлақта қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Мәліметтер бойынша, ресейлік маман қар көшкіні салдарынан қаза тапқан.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ақпаратты растап отыр. Оның айтуынша, қар көшкіні Шымбұлақтың батыс баурайында жүрген.

"Расымен де Ресей федерациясының азаматы қаза тапты. Құтқарушылар оны қар астынан шығарған кезде тіршілік белгілері болған, алайда дәрігерлер оны құтқара алмады", - деді Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, төреші өз еркімен тау баурайында серуендеп жүргенде қар көшкіні болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер