Юлия Путинцева финалда ұтылды

Юлия Путинцева финалда ұтылды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Санкт-Петербургтегі теннис турнирінің финалында француз қызы Кристина Младеновичке жол берді.

Үш сетке созылған ойын  2:6, 7:6, 4:6 есебімен Кристина Младеновичтің жеңісімен аяқталды.

Юлия Путинцева осы турнирдің алғашқы айналымында Йоханна Ларссонды жеңген. Ал екінші айналымда неміс қызы Анника Бекті 6:4, 6:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан. Ширек финалда ресей теннисшісі Светлана Кузнецованы ұтқан. Жартылай финалда әлемдік рейтінгінің бесінші номері Доминика Цибулковадан басым болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или