Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасын ұтты
Санкт-Петербургте өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасы Доминика Цибулкованы ұтып, финалға шықты.
Ойын есебі : 3:6, 6:4, 6:4.
Юлия Путинцева алғашқы айналымында Йоханна Ларссонды жеңген. Ал екінші айналымда неміс қызы Анника Бекті 6:4, 6:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан. Ширек финалда ресей теннисшісі Светлана Кузнецованы ұтқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или