Канада құрамасының капитаны: «Алматыға біз бірінші орын алу үшін ғана келдік»

Хоккейден Универсиада аясында ширекфиналдық кездесуде Латвия командасын (5:2) есебімен жеңген Канада құрамасының капитаны Оливер Хинсе жеңісті ойынға қатысты пікрін білдіріп, жартылайфиналдық қарсыласы жайлы айтып берді.

- Латвиямен біз керемет ойнадық. Екінші кезеңде қарсыласымыз алаңға күшейіп келіп, қырып жібере жаздады. Біз өзіміздің жоспармен жүріп, ақырын-ақырын басымдығымызды айқындадық.

- Латвияның жігерлік танытқанына таң қалдыңыз ба?

- Латвияның жақсы команда екенін онсыз да жақсы білеміз. Бұл жолы олар аса шындап ойнады. Біз бір-бірімізге арқа сүйеп, олардың әр шабуылын қолдан келгенше тойтарып тастап отырдық. Осының арқасында жеңіске жеттік.

- Енді алдағы жартылайфиналда Ресеймен кездесесіздер. Ойын қалай болады деп ойлайсыз?

- Бұл енді үлкен ойын болғалы тұр. Орыстармен кездескенге дейін (7 ақпан) жақсылап дайындалу керек. Сосын оларға «мұз қырғынын» жасаймыз. Алматыға біз бірінші орын алу үшін ғана келдік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или