Александр Мальцев: «Жалпы, біз жаман ойнаған жоқпыз»
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Қазақстан Канада (0:11) ойынының қортындысын шығарды.
— Біз кіммен ойнайтынымызды жақсы білдік. Канада — әлемдегі мықты студенттік құрама. Біз оларға қарсы алаңның кей бөліктерінде жинақы ойнау арқылы басымдыққа иелік еткіміз келді. Жалпы алғанда біз жаман ойнаған жоқпыз. Канадаға айтарлықтай қиындық туғыздық.
- Ойын нәтижесі көңіліңізден шыға ма?
Жеңіліп тұрып ойын нәтижесіне көңілім толады деп айту мүмкін емес. Бірақ ойын сапасына, берілген тапсырманы орындауларына келгенде ойыншыларыма еш өкпе жоқ. Олар қолдан келгендерінің бәрін көрсетті.
-Канадамен ойыннан кейін қандай сабақ алдыңыздар? Олармен күнде ойнап жүрген жоқпыз ғой?
-Білесіз бе, ауызбен айту бір басқа да, іс жүзінде жүзеге асыру мүлдем басқа дүние. Бүгін біздің қыздар хоккейді қай деңгейде ойнауға болатынын көрді. Нақты сабақ туралы айтар болсақ, жылдамдықтарын ерекше атап өтуге болады. Жылдамдық — бүгінгі хоккейдің ең басты басымдығы.