Нысандар бар, енді спортшылар да болады

Шымбұлақта қар жауып, тұман басып, Универсиадада шаңғы әрі сноуборд жарыстарының өтер-өтпесі белгісіз болып тұрған. Спортшылар да, бапкерлер де, ұйымдастырушылар да сақадай сай. Журналистер де бес қаруын сайлап алған. Күтіп тұрмыз. Жарыс алаңдары тұманның кесірінен көзге көрінбейді. Бір кезде жанымызға Эстонияның тау шаңғысы жарыстары бойынша менеджері келді. Құр тұрмай, Балтық елінің өкілін әңгімеге тарттық. Ол да бар білген орысшасымен жауап беріп жатыр.
«Универсиада нысандары мен атлетикалық ауылда темекі сатпайды екен», - деп бастады ол шылымын тұтандырып жатып. Бұл жарысқа тек тәжірибе жинау үшін келгендерін, Эстонияда біздікіндей тау мен нысандардың жоқ екенін тілге тиек етті. «Жүлделерге таласпаймыз» - деп шынын айтты.
- Сендерде қысқы спорт түрлері қалай дамып жатыр?
Көзімізбен жер шұқып тұрмыз. Сноубордтан сайысып жатқан спортшыларымыздың бәрі де финалға өте алмай қалған еді сол кезде.
- Ақырындап дамып жатыр. Бірақ үлкен жетістіктермен мақтана алмаймыз, бізде жазғы спорттар жақсы дамыған, - дедік.
- Осындай нысандар бола тұра, қысқы спорттарың қалай дамымаған? – Иегімен тауда орналасқан аренаны көрсетті.
- Бұлардың көбі жеке қолдарға өтіп кеткен. Мемлекеттің қарауында емес, - деп ақталдық.
Түсіністікпен қарады ма, жоқ іштей сынады ма – әйтеуір, үндемей, басын изей салды да, қоштасып, кетіп қалды.
Үнсіз қалдық. Расын айтқанда, мемлекет осы Универсиададан соң қысқы спортымыз дамиды деп сеніп отыр. Азиада кезінде де солай ойлаған. Бүгінде сәл де болса дамыды. Спортшыларымыздың да жанарынан от көруге болады.
Сондықтан, осы қазақ спортшылары сіздің еліңізден медальді жұлып әкетсе, таң қалмаңыз, Вайер ханым.