«Барыс» сырт алаңда минскілік «Динамодан» ұтылды
Астаналық «Барыс» Құрлықтық xоккей лигасы аясындағы матчта Минскінің «Динамо» xоккей клубынан жеңілді.
Минскіде өткен кездесуде алаң иелері жеңіске жетті. «Динамо» сапынан Александр Павлович (10-минут) пен Никита Мицкевич (34-минут) гол соқса, «Барыс» командасының жалғыз шайба авторы - Брэндон Боченски.
Айта кетейік, бұның алдында «Барыс» xоккейшілері төрт матч қатарынан жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық клуб Шығыс конференцияда 81 ұпаймен 5-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или