Латвия Жапонияны жеңді
Универсиаданың ерлер хоккей турнирінің екінші ойынында Латвия құрамасы қосымша уақытта Жапония құрамасынан басым түсті.
Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. Ойын барысында командалар кезекпен-кезек басым түсіп отырды. Ойынның алғашқы минуттарында жапондықтар екі шайба басымдылығымен алға шықса, екінші кезеңінде латвиялықтар есепті теңестіріп, басымдықпен көзге түсті. Соңғы жиырма минут көрермендер жапондықтар тарапынан салынған жалғыз шайбаға куә болды . Овертаймда Мартинс Мезулис өз командасына жеңіс әкелді.
Универсиада. Хоккей.Ерлер. Топтық кезең.
Латвия – Жапония 4:3 (1:2, 2:0, 0:1, 1:0)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или