Юлия Путинцеваның бауыры қазақстандық клубқа ауысты

Юлия Путинцеваның бауыры қазақстандық клубқа  ауысты

Ресейлік шабуылшы Илья  Путинцев  «Теміртауға»  ауысты,  деп хабарлайды «Сарыарқаның» ресми сайты.

19 жасар Путинцев хоккейдегі  алғашқы қадамын мәскеулік «Спартак»  пен «Крылья Советовта» жасаған.  15 жасынан Солтүстік Америкада ойнады. Екі маусым бойы   «Бостонның»  жасөспірімдер командасында өнер көрсетті.  Содан кейін Квебектегі жасөспірімдер лигасында канадалық «Галифакс Мусхэдэ» мен «Монктон Уайлдкэтс» сапында ойнады.  Сонымен қатар, Ресей жасөспірімдер құрамасының қатарында 4 ойын өткізген.

Жақында Путинцев «Теміртау» қатарына келіп қосылды. Қазіргі күні оның 68-ші нөмірмен ойнайтыны белгілі болды.  Оның жаңа клубы қазіргі кезде Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде он команданың арасында жетінші келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или