«Барыс» клубтық рекордын қайталады

«Барыс» клубтық рекордын қайталады

«Спартакқа» (3:0) қарсы ойында шайба жібермеген «Барыс» клубтық рекордын қайталады.

Осы маусымда елордалық хоккейшілер «құрғақ» матчтарын 7-ге жеткізді. Бұл - «Барыстың» ең жоғарғы көрсеткіші.

Бұған дейін 2014/15 жылғы маусымда астаналық клуб чемпионат пен плэй-офф матчтарын қосқанда 7 ойында шайба жібермеген еді.

Осылайша, маусымның қалған матчтарының бірінде «Барыс» өз қақпасына гол жібермесе, клубтық  рекордын жаңартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или