«Барыс» «Авангардтан» жеңісті жұлып алды
ҚXЛ-дың кезекті турында «Барыс» Омбының «Авангард» клубымен кездесті.
Астаналық команда қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Бірінші кезеңді «Авангард» ойыншылары жеңіспен аяқтады. Екінші кезеңде хоккейшілер шайба соға алған жоқ. Ал үшінші кезеңде «Барыстың» жинақы ойын көрсетіп жеңісті жұлып алды. 43 минутта Кирилл Панюков таразы басын теңестірсе, 3 минуттан кейін Мартен Сен-Пьер «Барысты» алға шығарды. Ал ойын соңында Константин Пушкарев ашық қақпаны дәл көздеді.
«Барыс» — «Авангард» 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)
Шайбалар: 0:1 — 18:32 Зубов (Пестушко).
Тең құрамда 1:1 — 42:12 Панюков (Савченко, Шиннимин). Тең құрамда 2:1 — 45:32 Сен-Пьер (Шиннимин, Савченко). Тең құрамда 3:1 — 59:35 Пушкарёв (Кучин).
Тең құрамда, ашық қақпаға «Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Пушкарёв; Шалапов-Баркер, Шиннимин-Сен-Пьер-Панюков; Савченко-Липин, Худяков-Кучин-Иванов; Трясунов, Никулин-Гренц-Белгібаев, Тривино;
«Авангард»: Фурх — Медведев-Мартынов, Пережогин-Бут-Хохряков; Никитин-Меньшиков, Кучерявенко-Лемтюгов-Лаута; Григорьев-Густафссон, Зубов-Пестушко-Михеев; Осипов, Махановский-Юньков-Фищенко.
Айып уақыты: 4:8 (0:2, 2:0, 2:6)
Бас төреші: Сергей Гусев, Павел Комаров
«Авангардты» жеңген «Барыс» Шығыс конференциясында алтыншы орынға көтерілді. Келесі ойынын астаналық команда 4 қаңтар күні Мәскеудің «Спартак» клубына қарсы өткізбек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или