Дамир Рыспаев Қазақстан құрамасына шақырту алды

Дамир Рыспаев Қазақстан құрамасына шақырту алды

ҚХЛ-дан белгісіз мерзімге дейін шеттетілген «Барыс» хоккей клубының жас ойыншысы Дамир Рыспаев Ұлттық құрамаға шақыртылды.

Естеріңізге сала кетсек, алдағы уақытта Норвегияның Осло қаласында Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне қатысады.

- Қазақстан құрамасына шақырту алғаныма қуаныштымын. Ұлттық құрамада ойнау – әр хоккейшінің арманы. Бапкерлік құрамның үмітін ақтауға тырысамын.

- Қазақстан құрамасы соңғы рет Олимпиада ойындарында он жыл бұрын ойнады. Бұл туралы білетін шығарсың...

- Иә, біздің Ұлттық құрамамыз соңғы екі Олимпиада ойындарына қатыспады. Қазір ол құрамнан тек Виталий Колесник қана қалды. Барлығымыз Қазақстан құрамасын Олимпиадада көргіміз келеді. Жанкүйерлердің қолдауы арқасында бұл мақсатқа жетеміз деген ойдамын, - деді Дамир елордалық клубтың ресми сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или