Кеше ХОК Токиода биыл өтуі тиіс болған Олимпиада ойындарын 2021 жылға қалдырды. Жапон елінің премьер-министрі Синдзо Абэ бұны коронавирус пандемиясының өршіп тұруымен түсіндірді. Дәл осындай шешімнің қабылдануы - уақыт еншісіндегі мәселе еді. Тарихта тұңғыш рет Олимпиада ойындары қауіпті індет қатерінен дәл уақытында өтпейтін болды. Төрт жылда бір келетін жарыстың кейінге қалдырылуы бірнеше рет болған еді. Бірақ бәрінде де Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кедергісін келтірген.

Қызықты дерек бар. 1940 жылы Жапония өз тарихында бірінші рет Олимпиаданы қабылдауы тиіс еді. Өтетін орын - Токио қаласы. Алайда, 1938 жылы жапон жауынгерлері Қытай еліне басып кіруіне байланысты, ХОК ойындарды өткізу құқығын Хельсинкиге береді. Соғыс Еуропада да өршіген соң, Швеция да Олимпиаданы қабылдай алмады. Токио Олимпиаданы 1964 жылы өткізді, Хельсинки бұл мәртебеге 1952 жылы ие болды.