Киберфутболдан құрлықтық додаға іріктеудің алдына ала кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы С тобында Швейцария, Молдова, Солтүстік Македония мен Босния және Герцеговина командаларына қарсылас атанды.

Екі айналымның қорытындысы бойынша 15 ұпай жинаған Қазақстан С тобында екінші орынға жайғасып, келесі кезеңге жолдама алды. Ал топты 20 ұпаймен Босния және Герцеговина құрамасы бастады.