Джакартада өтіп жатқан Пара Азия ойындарында қазақстандық спортшы Равиль Мансурбаев ел қоржынына жетінші күмісті әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық атлет Равиль Мансурбаев ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Алтыншы рет лақтырғаннан соң ол — 14.66 метр нәтижені көрсетті.

Алтынды қытайлық спортшы Вэй Эн Лун (15.67) иеленсе, қола жүлдені үнді елінен келген Яссер Мохд қанағат тұтты (14.22).