Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Азия Параойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бүгін екі алтын медаль түсті, деп хабарлайды prosports.kz.

Айта кетерлігі, алтын жүлденің екеуін де жүзу спортынан бақ сынап жатқан спортшыларымыз алды. Атап айтар болсақ, Сиязбек Далиев S5 категориясындағы спортшылар арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Ал Ержан Сәлімгереев 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде (S6) бірінші орын алды.

Қазірге дейін 2 алтын 5 күміс 6 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы есепте 12-ші орында келеді.