Басқа

Пара Азия ойындарында Равиль Мансурбаев ел қоржынына жетінші күмісті әкелді

Пара Азия ойындарында Равиль Мансурбаев ел қоржынына жетінші күмісті әкелді
news-banner7
mobile-news-top

Джакартада өтіп жатқан Пара Азия ойындарында қазақстандық спортшы Равиль Мансурбаев ел қоржынына жетінші күмісті әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық атлет Равиль Мансурбаев ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Алтыншы рет лақтырғаннан соң ол — 14.66 метр нәтижені көрсетті.

Алтынды қытайлық спортшы Вэй Эн Лун (15.67) иеленсе, қола жүлдені үнді елінен келген Яссер Мохд қанағат тұтты (14.22).

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер