Индонезияда өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржыны үшінші алтынмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері Зульфия Ғабидуллина Пара Азия ойындарында 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, Ғабидуллина 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстанның паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын медалін иеленген болатын.

Қазақстан қоржынында барлығы 12 медаль бар: 3 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлде.