Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіліссіз келе жатқан Дмитрий Панарин өз тобындағы соңғы кездесуде жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бадминтоннан жүлдеге таласты жалғастыру үшін Панарин жапондық Нараока Кодайды жеңуі тиіс еді. Алайда, Панарин қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Енді жерлесіміз командалық және аралас жұптық сында ғана өнер көрсетеді.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі