Артем Резников: Егер адам сенен қаймығатын болса, керісінше сені қорқытуға тырысады.

Артем Резников: Егер адам сенен қаймығатын болса, керісінше сені қорқытуға тырысады.

Қазақстанның үздік файтерлерінің бірі Артем Резников (21-6) «Разрешите вас перебить» Youtube-арнасына сұхбат берді. Prosports.kz.аталған сұхбаттың қызықты жерлерін оқырман назарына ұсынады

6 наурыз күні Артем Резников Алматыдағы АСА 105 турнирінде ресейлік Хамзат Аушевпен төбелесті. Резников  бірінші раундта-ақ ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, қарсыласын «солтүстік-оңтүстік» қылқындыру әдісімен жеңді. <br />Сөйтіп ол АСА ұйымындағы екінші және мәнсабындағы қатарынан жетінші жеңісін тойлады. Қарсыласын сенімді түрде жеңген Артем АСВ промоушнының бұрынғы чемпионы (66 келі), қазіргі кезде жеңіл салмақта (70 келі) АСА аясында төбелесіп жүрген Юсуф Раисовты жекпе-жекке шақырды. Ресейлік біраз уақытқа дейін қазақстандық спортшыны көзге де ілмей жүрген, алайда 21 наурыз күні шақыруды қабыл алды. «Резников әр сөзі үшін жауап береді», дейді Юсуф. Дей тұрғанмен қазақстандық файтер АСВ экс-чемпионын келеке еткен жоқ, сонда да «Қасқырдың» реакциясы агрессияға толы болды.

Сарбаздардың келісімге келуі сол-ақ екен, сұхбат берулері жиіледі. Резников 3 сәуір күні «Разрешите вас перебить» порталына сұхбат беріп, Раисовтың қоңырау шалуы, ағайынды Халиевтер, сондай-ақ қазақстандық аралас жекпе-жектің (ММА) күлкілі тұстарын айтты.

Артем Резников ACA рейтингінде жоғары өрледі

Юсуф Раисовтың қоңырау шалуы

- Бір минуттай ғана сөйлестік. Аса ештеңе айтқан жоқпыз. Тек түсінісе алмадық. Ол «Әлі кездесерміз, сол кезде сөйлесеміз» деді. Мен де Whats app арқылы сөйлесудің еш мәні жоғын ұқтым. Егер мен оны қараласам, онда оның реакциясын түсінер едім. Менің жеке пікірім мынадай, егер адам сенен қаймықса, сен менің деңгейіме жетпейсің деген сыңайда сөз қозғайды немесе сені қорқытуға тырысады. Бұл менің пікірім. Ол тіпті көп сөйледі. Проблема жоқ, мен октагонда да, оның сыртында да өз сөзіме  жауап беремін.

Артем Резников: Әрқашан өз сөзіме жауап беремін

«Солтүстік-оңтүстік» әдісімен жеңіске жету

- Шынымды айтсам, өзім де білмеймін. Бірінші күннен-ақ грепплингім сәтті шыға бастады. Жыл өткен сайын жетілдіріп жатырмын. Әдіс-тәсілдерді біреу үйреткен жоқ, өзім меңгердім. Мен бұл әдісті жақсы сезінемін. Ал дәл осы тәсілден қорғану үшін, жақсы білетін адаммен жаттығуың керек. Олай болмаса, бәрі бекер. Бұл әдіс ММА спортына жат сияқты. Кейбір грэпплинг тәсілдері бәлкім аралас жекпе-жекке сай көрінеді.

Артем Резников: Раисовпен жақсы жекпе-жек болмақ

 Омбыдағы жаттығу жиындары

- Омбыда соққы беру мектептері жақсы дамыған. Александр Сарнавскиге көмектесу үшін сонда бардым. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Осы уақытқа дейін жақсы достар таптым ол жақтан.

Раисов АСА басшылығынан Резниковке қарсы жекпе-жек ұйымдастыруын сұрады

Мәнсабындағы ең  қиын кезең

- Мен Йорданияда Desert Force 22 –Jordan турнирінде омандық Джарах Хуссейн әл Силавимен төбелестім. Оны белбеуге жетектеп апарды. Олай дейтінім, ол үш раунд бойы менің астымда жатты, ал жеңіс соған бұйырды. Аппеляцияға арыз түсірдім, бірақ еш пайдасы болмады. Одан кейін қырғыз спортшысымен кездестім. Олар үш раундта менің жеңетінімді білді, бірақ мен онда барғанда жекпе-жекті бес раунд етіп қойыпты. Сол кездесуде бұғанам сынды. Төртінші раундта бас тарттым, өйткені сүйегім сыртқа шығып кеткен екен. Ота жасалды, қазан айында пластина салдырдым. Ал 2017 жылдың мамырында автокөлік үшін өзбекпен айқастым. Ол тіземен теуіп, қабағым жарылды. «Солтүстік-оңтүстік» әдісіне көшіп едім, қанның тоқтамай қойуына байланысты жекпе-жекті тоқтатты.

Артем Резников: Тек үздік файтерлермен төбелескім келеді

Қазақстанның аралас жекпе-жегіндегі (ММА) қызықтар

- Бірде ТМД-дағы танымал файтерлер қатысқан турнир өтті. Біз айқасқа дайындалып жатырмыз, ал бір сарбаз мас боп келген. «Не үшін төбелеспексің» деп сұрасақ, «теледидардан мені көрсетуді қалаймын», деп жауап бергені бар.

Артем Резников қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или