Елдос Сметов: «Жарақат не басқа нәрсені сылтау қылғым келмейді»

Елдос Сметов: «Жарақат не басқа нәрсені сылтау қылғым келмейді»

Дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері (60 кг) Елдос Сметов ProsportKz.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында не үшін алтын медаль ала алмағанын айтып берді.

- Алтын жүлдеге не үшін қол жеткізе алмадың? Ресейлікке қарсы ақтық сында ол сенің аяғыңнан қатты теуіп, жарақаттаған сияқты.

- Жоқ. Бәрі тамаша болды. Дайындық, жігер - бәрі тиісті деңгейде. Мақсатым тек алтын медаль еді, бірақ осылай болып қалды... Қорқынышты ештеңе жоқ, мен жаспын, әлі де жұмыс жасаймын. Соңына дейін күресіп, алтын медальды жеңіп аламын.

- Аяғыңа ештеңе болмады ма?

- Бұл қиындық емес. Жарақат не басқа нәрсені сылтау қылғым келмейді. Бүгін маңдайыма бірінші болу жазылмаған екен. Тағы да айтайын, енді келесі Олимпиадаға дайындалып, алтын алу үшін көп күш саламын.

- Мұнда күміс алғаныңа көңілің тола ма?

- Шынымды айтайын, иә. Өзімнің бірінші Олимпиадамда осылай жоғары бара алғаныма қуаныштымын. Иә, Олимпиада чемпионы бола алмадым, бірақ бәрі алда екеніне сенімдімін. Бұл менің жетістігім. Бұл күміс болса да. Бұл Олимпиада ғой.

- Жанкүйерлер «Қазақстан!», «Елдос!» деп айқайлағанда қолдауды сезіндің бе әлде татамиде ештеңе естілмей ме?

- Әрине, естідім және сездім. Үйден жырақта мұндайлар екі есе сезіледі. Бәрін де сездім. Алтынға не жетіспегенін білмеймін. Сәл ғана...

- Бұрын Беслан Мудрановпен кездесіп пе едің?

- Екі рет. Екеуімізде бір-бір жеңістен болатын, енді ол алға шықты. Есеп оның пайдасына 2:1. Бәрі алда.

- Жақындарың хабарласып, құттықтады ма?

- Ұялы телефоным өзіммен емес. Бәрін Олимпиада қалашығында қалдырып кеттім. Белдесу кезінде кедергі келтірмесін дегенім ғой.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или