Ермек Имамбеков: «Дзюдо - бұл шахмат емес, мұнда ойлану керек»

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков ProsportKz.kz тілшісінің бірқатар сұрақтарына жауап берді

- Сіздің командаңыздан тағы медальдар көре аламыз ба?

- Көре аласыздар. Бұл жақта өз өнерімізді толық көрсетіп болған жоқпыз, әлі де шулатып кетпекпіз. Әлем чемпионы Раков бар. Ертең (сұхбат кеше алынды) Смағұловтың кездесулері басталады. Өте қызық болады. Кім қаншалықты дайын, соншалықты нәтиже көрсетеді. Әлі де алтын күтеміз.

- Біздің спортшылардың жолдары болмай қалған сияқты. Галбадрах жартылай финалға шығу мүмкіндігін алып тұрып, жіберіп алды. Сметов қосымша уақытта жеңіліп қалды... Не жетіспеді?

- Не жетіспеді... Тактикалық тұрғыда сәл қателік кетті. Дзюдо - бұл шахмат емес, мұнда ойлану керек (күліп).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или