Қанат Ислам 2017 жылғы Универсиада елшісі атанады

Қанат Ислам 2017 жылғы Универсиада елшісі атанады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады. Кездесу барысында қала басшысы мен кәсіпқой боксшы арасында емен-жарқын әңгіме болды.

Қала әкімі Алматының жастар қаласы, туризм мен спорт орталығы екендігін айтты. Мегаполисте 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтетіндігін, қаланың қазір осынау алқалы жиынға қызу дайындық үстінде екендігін атап өтті.

Елбасының халықаралық деңгейде өтетін Универсиадаға ерекше мән беріп отырғандығын жеткізді. Өйткені, бұл әлемдік жарыс Алматының ғана емес, жалпы Қазақстанның халықаралық беделі мен мәртебесін арттыра түсетіні анық.

«Біздің міндет – әлем көз тігетін спорттық жарысты барынша жоғары деңгейде өткізу. Осыған орай, нақтылы шаралар жоспарлары жасалған. Соның бірі ретінде «Универсиаданың спорттық елшісі» деген қоғамдық қызметті енгізіп отырмыз. Оған Сіздің кандидатураңызды ұсынбақпыз. Өйткені, Сіз жанқиярлық еңбегіңіздің арқасында спортта әлемдік деңгейге көтерілгендердің бірісіз. Біз Сізді мақтан тұтамыз! Жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы болуыңа тілектеспін», – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы ұстіміздегі жылдың 29 қазанында Алматыда кәсіпқой боксшының WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізетін жекпе-жегіне қолдау көрсететінін айтты.

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или