Олимпиада бағдарламасына енген жаңа спорт түрлерін білесіз бе?

Халықаралық Олимпиада комитетінің Рио-де-Жанейро қаласында өткен 129 сессиясында комиссия мүшелері бес спорт түрін 2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қосу туралы ұсынысты қолдады.

Бұл қандай спорт түрлері деген сауалға келсек. Олар: каратэ,серфинг,құзға өрлеу (скалолазание), скейтбординг, бейсбол/софтбол. Комиссия мүшелерінің бірде-біреуі қарсы дауыс берген жоқ. Енді Токиодағы Олимпиада ойындарында қосымша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал ол жүлделерге 474 спортшы таласатын болады.

Каратэ

Жапондықтарға қалай риза болмайсың? Өздерінің төл спорттарын Олимпиада бағдарламасына кіргізуде барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана біледі. 1964 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына алғаш рет дзюдо күресін қосты. Енді, міне, каратэ-доны төрт жылдықтың басты додасына енгізіп отыр. 2020 жылы араға 56 жыл салып, Олимпиада ойындары Токио қаласында екінші рет өтеді. Сол кезде жапон халқының тағы бір төл спорты Олимпиада ойындарында асқақтайтын болады.

Осы орайда BAQ.kz тілшісі Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Жасталап Санауовқа хабарласқан еді.

«Қазақ каратэшілері осы уақытқа дейін әлем біріншілігінде чемпион болмаса да, жүлдеге іліккен. Мәселен 2008 жылы Токиодағы жаһандық додада Дархан Асаділов – күміс, Әлібек Пренов қола жүлдемен оралды. Ал Халид Халидов 2006 және 2012 жылдары екі рет қола жүлдегер атанды. Азия ойындарынан осы уақытқа дейін бес алтын еншілеген екенбіз. Дохада Халидов қарсы келгеннің кеудесін тесіп, алтынды жұлып алды. Одан кейін Гуанжоу татамиінде Дархан Асаділов пен Ринат Сағындықов жеңіске жетті. Соңғы Инчхондағы жазғы Азия ойындарында Андрей Актауов пен Гузаль Гафурова сенімді ақтады. Одан бөлек, бірнеше жүлдегерлеріміз бар», – дейді Ж. Санауов.

Вице-президенттің айтуынша, әлемде каратэ спортынан Жапония, Иран, Египет, Бразилия, Франция, Италия секілді елдің өрендері мықты екен. Қазақстан жалпы командалық есепте 10-15 орындар аралығында жүретін көрінеді.

Осы спорттың қыр-сырын жақсы білетін маман енді Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржына медаль салуға еліміздің каратэшілерінің қауқары жетеді деп отыр.

Ал «Meibukan» каратэ мектебінің директоры, Еуропа чемпионы Нұраддин Садықов Токио татамиінен жүлдеге ілігуіміз қиын деп отыр.

«Жалпы каратэнің 4 классикалық стилі бар. Олар: Шотокан, годзю-рю, сито-рю, киокушинкай деп аталады. Бізге жақыны осының ішінде годзю-рю болатын. Бірақ каратэнің бұл түрі Олимпиадаға кірмей отыр. Сондықтан жүлдеге таласуымыз қиындау соғары анық. Себебі қалғанынан жапондардың өздері мен еуропалықтар жүлдені бере қоюуы екі талай», – дейді Н.Садықов.

Ол сонымен қатар каратэнің Токиодан кейінгі Олимпиада ойындарында болу-болмауы екі талай деп отыр.

Скейтбординг

Скейтбординг қауіпті спорт түрі. Скейтбордте сырғанап жүріп, әр түрлі қиын жатығулар жасау қажет. Скейтбордтың алғашқы нұсқасы 1958 жылы АҚШ-та пайда болған. Жалпы Калифорния скейтбордингтің орталығы саналады.

Басында тақтайдың пішіні тік төртбұрыш және қазіргі үлгіге қатты ұқсамаған екен. Кейіннен Ричард Стивенсон тақтайға «артқы жағын» қосып, оны жоғарыға қарай көтерді.

КСРО-ға скейтбординг тек 90-жылдардың басында келді. Себебі сол кездері скейтбординг тебетіндерді көрсететін «Достигая невозможного», «Столкновение» деген кинолар халық арасында өте танымал болды. Сол тұста адамдар жаппай скейт сатып алуға құмарта бастады. Қазақстанда скейтбординг танымал спорт түрлерінің қатарына жатпайды. Бірақ әуесқой түрде айналысатындар өте көп. Олар басты проблема ретінде скейт тебуге арналған алаңдардың жоқтығын айтады. Алматыда Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театры, «Сарыарқа» кинотеатры және Ескі алаңның (ҚБТУ) жанында тебеді.

Скейтті Алматыда Спорт-Мастер, Экстримал, Лимпопо, ПроСпорт секілді дүкендерден сатып алуға болады. Бағасы 3000-17000 аралығында тұрады.

Құзға өрлеу (скалолазание)

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах сессия кезінде біз жастарды спортқа тартқымыз келеді. Осы мақсатта аталған спорт түрін Олимпиада ойындарына қосып жатырмыз деп атап өтті.Енді Олимпиада ойындарында құзға өрмелеудің үш түрі енеді. Олар: қиындық, болдеринг және жылдамдық деп аталады. 40 құзға өрмелеуші (20 ер, 20 әйел) төрт күн бойы жарысқа түседі.

Халықаралық құзға өрлеу федерациясы (IFSC) бірнеше жыл бойы Олимпиада ойындарына қосуды ойластырып келді. 2013 жылы кеңес кезінде аталған спорт түрін Токио Олимпиадасына қосу туралы ұсыныс алынып тасталған болатын. Енді, биыл екінші рет мүмкіндік берілді.

«Біз құзға өрлеушілер Токио Олимпиадасына қатысатынымызға қуаныштымыз. Олимпиада ойыны біздің ұзақ уақыттан бергі арманымыз болатын. Міне, төккен теріміз текке кеткен жоқ. Мүмкіндік берген Халықаралық Олимпиада комитетіне алғыс білдіреміз», – деді IFSC преизденті Марко Сколярис.

Бейсбол

Бейсбол – бұған дейін 1992-2008 жылдар аралығында төрт жылдықтың басты додасының бағдарламасында болған еді. Бірақ 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталды. Енді, міне, қайтадан қатарға қосылып отыр.

Бейсбол Куба, АҚШ, Венесуэла, Жапония, Қытай, Оңтүстік Кореяда танымал спорт түрлерінің қатарына жатады. Қазіргі кезде әлемнің 120-дан астам мемлекетінде бұл спорт түрі бар. Бейсбол крикет, финдердің песаполо, румындардың ойна және орыстардың лапта спортына ұқсас.

Алматыда 1995 жылы АҚШ елшілігі мен жеке компаниялардың демеушілігімен бейсболдан кіші лига құрылған. Ол жерде 8 команда жарысқа қатысып жүрді. Алғашқыда 120 бала өнер көрсетсе, келесі жылы екі есеге өскен. Бейсбол Алматы мен қатар Шымкенте де дамып келеді. Бірақ Олимпиада ойындарынан медаль алмақ тұрмақ, қатысуымыз да өте қиын.

Сёрфинг

Сёрфингті жүздеген жылдар бұрын Тынық мұхиты аралындағы тұрғындар ойлап тапқан. Бұл спорт түрі сол уақыттан бері мүлдем өзгермеген – сёрферлер бұрынғысынша толқындарда сырғанау үшін тақтайларды пайдаланады. Толқын қаншалықты көп болса, тапсыр ма да қызықты өтеді.

Спортшылар, мүмкіндігінше, серфингке арналған тақтайда толқында ұзақ тұруға тырысады.Сайыстарда екі немесе төрт серфер бір мезгілде сайысады. Әдетте, оларға 20 минут беріледі, осы уақытта төрешілердің пікірлерін қалыптаструлары керек. Төрт спортшы қатысатын сайыстарда олардың екеуі ғана екінші раундтқа шығады.Ұпайлар толқынды таңдағаны (сырғанау үшін толқын қаншалықты ауыр болса, спортшы соншалық көп ұпай жинайды) және толқындағы беталысы үшін есептеледі (толқын жалында болуы барлығынан жоғары бағаланады).Сондай-ақ толқында жүрген уақыты және орындалған айла-тәсілдер сапасы маңызды.Ең көп ұпай санын жинаған серфер ұтады. Ерлер мен әйелдерге жеке сайыстар түрлері өткізіледі.Серфенгке арналған тақтайлар немесе сёрфбордтар шыны талшық сияқты, салмағы жеңіл материалдардан жасалады. Тақтайдың келесі жағында оның суда орнықтыболып қалуына көмектесетін жүзбеқанаттар бар. Сақтандыру белдігі спортшыны тақтаймен олар сырғанаған уақытта ұшып кетпеуі үшін жалғайды. Серферлер өздеріне салқын суда қатып қалмауға мүмкіндік жасайтын су костюмін киеді.

Бек ТӨЛЕУОВ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или