Энтони Огого: «Головкинге Брукқа қарсы кездесуде қиын болатыны анық»

Британиялық боксшы Энтони Огого отандасы Келл Брук пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек жайлы өз пікірін айтты.

«Брукқа бұл кездесуге келіскені үшін үлкен құрмет. Ол керемет боксшы. Головкинге бұл жекпе-жекте қиын болатыны анық. Әрине, Геннадийді ұту өте ауыр, бірақ Брук «сенсация» жасауы мүмкін. Головкиннің қорғанысы әлсіз, сондықтан Келлдің жеңіске мүмкіндігі бар», - деді Огого The Sun басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Брук жекпе-жегі 10-шы қыркүйек күні, Лондонның «О2» Аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или