Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

ММА аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда өтетін ІІІ Азия чемпионатына қатысады.

Бұл туралы федерация өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 6 тамызда басталатын халықаралық додада біздің жігіттер жеті салмақ бойынша күш сынасады. Олардың арасында кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген, алғаш болып «М-1 Глобал» халықаралық промоушнмен келісімшартқа отырған Шавқат Рахмонов және Сергей Морозов бар. Бертінде Мәдениет және спорт министрлігі бұл спорт түрінде жоғары жетісіктерге жеткендерге халықаралық дәрежедегі және Қазақстан Республикасының спорт шебері атақтарын тағайындады. Еліміздің ММА федерациясы соңғы 3 жылда 4 республикалық чемпионатты, 2 Қазақстан кубогын, 8 Көшпенділер шайқасы кәсіпқой турнирін өткізді.

Ерлан Қарин, ҚР Аралас жекпе-жек федерациясының құрметті президенті:

- Оңтүстік Кореяда өтетін ІІІ Азия чемпионатына біздің федерация қарқынды дайындалуда. Осы Азия біріншілігінің аясында біздің федерацияның авторлығымен дайындалған Көшпенділер шайқасы турнирінің кезекті біріншілігі өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или