Путинцева WTA рейтингісінде бір сатыға көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңарған рейтингісін жариялады.

Қазастандық теннисші Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, 42-ші орынға табан тіреді. Ал Ярослава Шведова, керісінше, бір сатыға түсіп, қазір 48-ші орында тұр. Зарина Дияс болса, 133-ші орыннан 131-сатыға жоғарылады.

Рейтингіде АҚШ спортшысы Серена Уильямс көш бастап тұр. Екінші орында германиялық Анжелик Кербер келеді, ал үздік үштіктік Монреалдағы жеңісінен кейін Симона Халеп түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или