Риодағы Олимпиадаға арналған спорт нысаны құлап қалды

Олимпиадада желкенді спорт түрі бойынша өтетін ойынға арналған платформа құлады. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы мәлім етті.

«Қайықтарды суға жіберуге арналған құрылғының бұзылуына асау толқындар мен дауыл кінәлі», – деді Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің баспасөз хатшысы Филип Уилкинсон.

Оный айтуынша, мердігерлер 4 күннің ішінде Марина-да-Глориадағы платформаны орнына келтіру керек.

Желкенді спорт түрі бойынша жарыс 8 тамызда басталады. Ал Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда болады.

Жалпы Риодағы спорт нысандарының құрылысы сәуір айынан бері сынға ұшырап жүр. Бұған дейін жер үстінен көтеріңкі етіп тұрғызылған веложолақ та опырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или