Хулио Сезар Чавес: «Альварес-Головкин жекпе-жегі бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес (53-2-1, 32 КО) отандасы Сауль Альваресті (49-1-1, 33 КО) Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жекпе-жекке шықпағаны үшін сынға алды.</strong><br />
<br />
«Сауль Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу. Біздің спорт түрімізге мұндай жекпе-жектер қажет. Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан кім екенін айту қиын. Мұны Канело немесе оның промоутері Оскар шешті ме, мен білмеймін. Бірақ Маркес, Баррера, Моралес сынды боксшылар өз еркімен чемпиондық титулын ешкімге бермес еді. Олар кез-келген боксшымен төбелесуге дайын болған», — деді Чавес.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или