Жазғы олимпиадаға бес жаңа спорт түрі қосылады

Жазғы олимпиадаға бес жаңа спорт түрі қосылады

Жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасы бес жаңа спорт түрімен толығады. Халықаралық олимпиада комиссиясының кеңесі ойындарға каратэ, серфинг, жарға өрмелеу, скейтбординг және бейсболды қосуды құптады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жаңа дисциплиналар бойынша медальдар келесі төртжылдық додасы, Жапонияда ойнатылуы мүмкін. Десе де, нақты шешім үшінші тамыз күні Олимпиада комиссиясының Рио де Жанейродағы отырысында қабылданады.

Бес спорт түрінің ішіндегі соңғысы - бейсбол - олимпиадалық бағдарламаға екінші мәрте кіргелі отыр. Ол бойынша медальдар 1992 жылдан бастап 2008 жылға дейін бес олимпиадада ойнатылды. Үшінші тамыз комиссия оң шешім қабылдаса, олимпиада жүлделерінің саны 18 медальға толығады.

Айта кетейік, Рио ойындары 5-і мен 21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан намысын онда 26 спорт түрі бойынша 104 спортшы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или