Давид Беджанян: «Бізбен бірге Қазақстан мен Белорусьті де Олимпиададан шеттетсін»

Ресейлік ауыр атлет Давид Беджанян Ресей құрамасының толығымен Рио Олимпиадасынан шеттетілуін әділетсіздік деп санайды.

Кеше Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауына көп ілінген Ресей құрамасын толығымен Рио Олимпиадасынан шеттетіп тастады.

«Бұл бізге деген әділетсіздік. Қазақстан мен Белорусь құрамаларында да жағдай жаман болса да, олардың федерация басшылары әйтеуір бір сылтау тауыпты. Олар Рио Олимпиадасына қатысады, ал бізді шеттетіп тастады» - дейді Беджанян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или